СҚО-да «Жарқын-СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Өңірдегі «Жарқын-СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы сотталды. Ол ауыл тұрғындарының жер үлесін жалған құжат жасау арқылы банкке кепілге берген. Осылайша 600 млн. теңгені қалтасына басқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық соты серіктестік басшысына бір топ адаммен алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде жұрттың дүниесін ұрлады деген айып таққан. Сотталушы шаруашылық қатысушыларының ортақ жиналысының жалған хаттамасын жасап, сол арқылы 777 адамның жер үлесін банкке кепілге қойған.

2017 жылдың маусымында қайтармайтынын біле тұра 600 млн. теңге несие алып, оны керек-жарағына жаратқан. Ал қылмысын жасыру үшін үш жылдан кейін «Жарқын-СК»-ны басқа біреулердің атына ресімдеген. Прокурор сотталушыға 9 жыл жаза кесуді сұрады. Петропавл қалалық соты оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, 10 жылға дейін басқарушылық және материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды қаржылық, коммерциялық ұйымдарда атқара алмайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz