Биыл СҚО-да 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен  инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Жиында биыл өнеркәсіп саласында іске асатын жобалар туралы айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Айдарбек Сейпілұлының сөзінше, 2023 жылы  11 инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

– 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 25,4 млрд. теңге инвестиция тартылады. Нәтижесінде 800 жұмыс орнын ашамыз. Бұл жобалар импортты алмастыруға бағытталған, ДСП, автоклавты газоблок, керамикалық кірпіш, шыны бұйымдары, жұқа қабырғалы болат құрылымдары, жолаушылар вагоны мен тіркеме ауыл шаруашылығы техникасын өндіру сияқты жаңа салалар дамитын болады. Олардың басым бөлігі облыс орталығында шоғырланған. Дегенмен аудандардың да өнеркәсіп, өңдеу салаларында айтарлықтай әлеуеті бар екенін, оған инвесторлар тарту керектігін ұмытпаған жөн, – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Бұл ретте, өңір басшысы кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдеріне, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы, «Солтүстік» корпорациясы және «Kazakh Invest» облыстық өкілдігінің басшылығына облысқа отандық және шетелдік компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Фото: Талғат ТӘНІБАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz