Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірімізде 22 сәби дүниеге келді. Ата-аналарын шаттыққа бөлеген шақалақтардың он үші – ұл, тоғызы – қыз бала, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО перинаталдық орталықтың бас дәрігері Елена Калюжнаяның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл дүниеге келгендердің басым бөлігі – ұлдар.
– Қаңтардың 1-і күні 6 бала дүниеге келді. Үшеуі ұл мен үшеуі қыз. Қалған күндері 16 бала туды. Демалыс күндері туған балақайлар мен аналардың жағдайы жақсы. Жалпы жыл жақсы басталды. Алда әлі де сүйінші сұрар сәттер көп болады деген үміттеміз, — дейді Елена Калюжная.