«Stopmusor» әлеуметтік жобасының үшінші толқыны

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі  «Stopmusor» әлеуметтік жобасының үшінші толқынын жүзеге асыра бастады. Тұрғындарды қоршаған ортаны таза қалыпта ұстауға үгіттейтін шаралар Петропавлда да өтпекші,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жобаның мақсаты – қала тұрғындарының сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, халық арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату мәдениетіне тәрбиелеу арқылы  тазалықты сақтауды бойға сіңіру.

«Stopmusor» әлеуметтік жобасының екінші толқынын жүзеге асырған кезде   Қазақстан бойынша игілікті іске 4 млн-нан астам адам қатысты. Оның аясында еліміздің әрбір тұрғыны:

— ecokarta.kz немесе Stop Musor мобильді қосымшасы арқылы (AppStore, GooglePlay — да қол жетімді)  шағым қалдыра отырып,  туындаған экологиялық мәселелерге (өз өңірін қоқысқа тастау, ауа сапасы) назар аударады.

— түрлі және ең қызықты эко іс-шараларға, акцияларға, форумдар мен конкурстарға қатысады.

— жобаның stomusor.kz, www.stopmusor.kz әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы  қоқысқа қарсы күрес туралы көбірек біле алады.

«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Stopmusor» әлеуметтік жобасына қатысуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz