СҚО ӘКІМІ: ДСП материалдарын шығаратын зауыт биыл ашылуы керек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы өнеркәсіп ошақтарын аралап, олардың жұмысымен танысты. Алдымен Айдарбек Сейпілұлы «Солтүстік фанер комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС облыста кәсібін 2020 жылдан бері дөңгелетіп келеді. Өткен жылы өндіріс ошағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймақ аумағында бос тұрған ғимаратта иелігіне алып, ДСП материалдарын шығаратын зауыттың құрылысын бастап кетті. Тың жобаның құны – 8 млрд. теңге. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмысты кешеуілдетпей, кәсіпорынды ертерек тапсыру қажет екенін атап өтті

– Жаңа зауытты инвесторлар 2024 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Менің ойымша, мемлекет тарапынан қолдауды тиімді пайдаланып, өндіріс ошағын 2023 жылдың соңында ашу қажет. Қазіргі уақытта қажетті барлық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды сатып алып орнату маңызды, – деді облыс әкімі Айдар Сапаров.

Кейін облыс әкімі Петропавлдағы трактор зауытына барды. Мұнда құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына қажетті құрал-жабдықтардың 56 пайызы жергілікті жерде шығаралады екен. Айдарбек Сапаров бұл бағыттағы жұмысты одан әрі кеңейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ өңір басшысы «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қарамағында қағаз өнімдерін өндіретін фабрикада да болды.

– Өндіріс ошағының іске қосылуымен ел көлемінде гигиеналық қағазға деген сұраныс 16 пайызға төмендеді. Бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен серіктестікте кадр тапшылығы айқын сезіліп отыр. Оны шешу үшін облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Петропавл қаласы әкімдігіне тиісті мәселені бақылауға алу қажеттігін тапсырамын, – деді Айдарбек Сапаров.

Ал «Cool Infinity» компаниясы термос-вагондарды шығарады. Бүгіндері кәсіпорын құрастырылатын жүк тасығаштардың салмағын арттыру мақсатында арнайы сертификатқа ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz