СҚО-да жаңажылдық демалыс күндері 6 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жаңажылдық демалыс күндері 6 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде рөлге отырған адамдар – қоғамға қауіп төндіретін қылмыскерлер. Өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен облыс жолдарында 28 жол-оқиғасы жасалды. Онда 6 адам қаза тауып, 30-ы түрлі жарақаттар алды. Мас жүргізушілермен күрес – жол қауіпсіздігін нығайтуға жауап беретін полиция қызметтерінің басымды міндеттерінің бірі. Жаңажылдық мерекенің үш күнінде СҚО-да 6 жүргізуші масаң күйінде ұсталды.
СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстың ұдайы негізде жүргізілетінін айтады. Мас жүргізушілер рейдтер, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Мәселен, желтоқсанның 16-31 аралығында облыста “Мас жүргізуші” жедел профилактикалық іс- шарасы жүргізілді. Оның барысында масаң күйде көлік басқарған 44 автомобилист жауапкершілікке тартылды. Мұндай жүргізушілерге заңнамамен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу не 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру қарастырылады.

– Мәселенің күрделілігі статистикадан байқалады. 2022 жылдың 12 айында масаң күйде көлік басқарудың 1173 фактісі анықталды. Оның қаншасы қайғылы аяқталуы мүмкін екенін елестетудің өзі қиын. Масаң күйде көлік басқару фактілеріне жол бермеуге бағытталған мақсатты жұмыстар полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде жүргізіледі, – дейді Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz