М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры үздік оқытушы атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Теріскейлік Павел Дмитриев 2022 жылдың үздік оқытушысы атанды. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры болып қызмет етеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тішлісі.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» республикалық байқауға еліміздің 71 университетінен  775 оқытушы бақ сынады. Қатысушылардың сеніміне селкеу түсірмеу мақсатында  барлық кезеңдер ашық  түрде  Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі негізінде өткізілді.

Байқау талабына сәйкес үміткерлердің электрондық оқу ресурстары мен материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, патенттердің болуы және тағы да басқа сияқты көрсеткіштері бағаланды. Пәндерді оқыту сапасына және бакалавриат, магистратура және докторантурада жоғары білікті кадрларды даярлауына  ерекше назар аударылды.

Нәтижесінде 150 оқытушыға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төсбелгісі бұйырды. Сондай-ақ,  2000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы  алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz