Петропавл тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, суицид жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл полиция басқармасына 6 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Жамбыл көшесі, 142 мекенжайындағы көпқабатты үйдің жанында әйелдің жансыз денесі жатыр деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына басқарманың жедел-тергеу тобы барған. Полицейлер зардап шеккен әйелдің кім екенін анықтады. Алдын ала болжам бойынша 47 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, өзіне өзі қол салған.

– Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz