Солтүстік Қазақстан облысының тасжолында ірі жол апаты тіркеліп, бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамлют ауданындағы тасжолда ірі жол-көлік оқиғасы болды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Оқиға 7 қаңтар күні сағат 15:16 шамасында Мамлютка мен Покровка елді мекендерінің арасында «Nissan Murano», «Audi A6», «Toyota Avensis» көліктері соқтығысқан.
Жол апатынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алғандар бар. Оқиға орнына жедел жәрдем мен құтқару қызметі жөнелтілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.