СҚО-дағы жол апаты екі адамның өмірін қиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бұған дейін хабарлағандай, қаңтардың 7-сі күні «Мамлютка-Қостанай» трассасында ірі жол апаты тіркелді. «Nissan Murano», «Audi A6» және «Toyota Avensis» автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы кезінде 1 адам мерт болғанын айтқан едік. Жаңа келіп түскен ақпаратқа сәйкес, тас жолда 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көліктер соқтығысунан «Toyota Avensis» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасының тағы сегіз қатысушысы (олардың арасында 2014 жылы туған бір кәмелетке толмаған бар) түрлі дене жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы).

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz