ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ерлан Әлжан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ибрагимұлы Әлжан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Ерлан Әлжан 2008 жылы құқықтану мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру институтын, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген. Сондай-ақ 2018 жылы заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы бойынша Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, басшысы болған. Осы тағайындауға дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеп-тексерулер департаментін басқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz