Былапыт сөз айтқандар жауапқа тартылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда 2023 жылдың наурыз айынан бастап қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, қорлағаны және ғимараттарды қорлағаны үшін құқық бұзушыға 69 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Тіпті, боқтанған азамат 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz «Zakon.kz» сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Азамат Күрімбаевтың айтуынша, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБК) бірқатар баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізледі. Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің «Ұсақ бұзақылық» 434-бабымен толықтырылды.

– Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады. Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындайды. Жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге), қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды,  – дейді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Азамат Күрімбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz