9 көліктің қатысуымен жол апаты тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қаңтардың 8-і күні «Астана–Петропавл» автожолының 236-шақырымында 9 көліктің қатысуымен жол апаты болып, 9 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны  «ВАЗ 2109» көлігімен «Chevrolet Cobalt» автокөлігін және «Volvo» автокөлігін соққан. Содан кейін тағы 6 көлік бір-біріне соғылған: «Renault Sandero», «Газель, 2 «Toyota Camry», «Daimler Chrysler» және «Toyota Prado».

Жол апаты салдарынан 2 жүргізуші мен 7 жолаушы «Авиценна Бурабай» ЖШС-не жеткізілді.

6 жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі – «Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz