Атаулы әлеуметтік көмек алушылар баласына керек затты енді өзі таңдай алады

Авторы: Qyzyljar News

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде баласына қажет тауарды өз бетінше таңдай алады. Жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, АӘК тағайындау кезеңіне әр балаға 1,5 АЕК (5 174 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді. Бұл шара тағайындалған АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде қарастырылған және азық-түлік және тұрмыстық химия түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет (ГСП) ретінде ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz