Петропавлда парацетамолды 200-ге тарта дәріхананың біреуінен ғана табуға болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Фармацевттердің айтуынша, қазіргі қор бірер аптаға ғана жетеді. Дәрінің бағасы қымбаттамаған, біреуі 85 теңгеден саудаланып жатыр.
– Күніне орта есеппен 300-400 адам парацетамол іздеп келеді. Біз дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын болжап, күзде көп алып қойғанбыз,- дейді фармацевт Евгения Сенченко.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаментінің мамандары қолайсыз ауа райына байланысты дәрі-дәрмектің кезекті партиясы өңірге дер кезінде жетпей қалғанын айтты. Тапшылықтың туындауына сұраныстың артуы да себеп болып отыр