СҚО полицейлері 20 млн. теңге шығын келтірген пәтер ұрысын ұстады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда тергеушілер аса ірі мөлшердегі пәтер ұрлығы бойынша материалдарды сотқа жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдық кәсіпкер келіншек полицияға ұрлық туралы арызбен жүгінген. Белгісіз қылмыскер терезені бұзып, жеке меншік үйге еніп, ақша, зергерлік бұйымдар және ерлер мен әйелдер әтірімен бірге басқа да құнды заттарды қолды қылған. Келтірілген шығын сомасы 20 млн. теңгеден асты. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жедел уәкілдер бейнекамералардың көмгімен қылмыс жасаға күдіктігі анықтады. Оны тануға көкшетаулық әріптестері көмектескен. Ер адам полицейлерге жақсы таныс екен болып шықты. Ол бұрын да мүліктік қылмыстар үшін бірнеше мәрте сотталған 41 жастағы көкшетаулық азамат екен. Араға екі күн салып, ер адам Астана қаласындағы қонақ үйлердің бірінен ұсталды. Құнды заттар мен ақшаның біраз бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

play btn

– Тұрғындар пәтерлеріне мықты құлыптарды қойып, бірінші қабаттың терезелеріне торларды орнату қажеттегін айтамыз. Өткен жылы облыста барлығы 327 пәтер ұрлығы тіркелді. Бүгінгі таңда оның 263 дерегі ашылды. Мұның ішінде пәтерлерге заңсыз кірумен байланысты 93 ауыр қылмыс бар, 77-сі ашылды, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Фото және бейнежазба:  Polisia.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz