СҚО-да телефон ұрлығы азайды

Авторы: Qyzyljar News

Облыс полицейлері 2022 жылдың қорытындысы бойынша мүлікке қатысты қылмыстар санының азайғанын тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қылмыстың ең көп таралған түрі – бөтеннің мүлкін ұрлау. Өткен жылы облыста 1444 ұрлық жасалған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға аз екенін атап өткен жөн.Пәтер ұрлықтары санының да едәуір азаюына қол жеткізілді. Бұл көрсеткіш 32,4 %-ды құрап отыр. Көбінесе бейнебақылау жүйесін кеңінен қолдану жақсы көмек болып отыр.

– Мүлікке қатысты қылмыстың басым бөлігі алкогольді асыра пайдаланудан соң жасалады. Телефон ұрлығы бойынша алдынғы жылы – 306, өткен жылы 231 факті тіркелді. Мүлкіңізді немесе затыңызды ұрлатып алмау үшін қырағы болу қажет. Ақша мен басқа да құнды заттарды назардан тыс қалдырмау керек. Оларды ішкі қалтаңызда ұстаған абзал. Қылмыстың жасалуына жол бермес үшін заттарды көзге түсетін жерлерде қалдырмауға кеңес береміз. Сондай-ақ құжаттар мен бағалы заттарды автомобиль салондарында қалдыруға болмайды. Машиналарды жарық жақсы түсіп тұратын, бейнекамералар қамтитын аймақтарға қою керек, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz