Жаңа министрлер ант берді

Авторы: Qyzyljar News

2023 жылғы 11 қаңтардағы үкімет отырысында жаңадан тағайындалған министрлер ант қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еске салғандай, мемлекет басшысы бірнеше министрлікте жаңа кадрлық тағайындаулар жасады.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділет министрі Азамат Есқараев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Экология министрі Зүлфия Сүлейменова, Білім министрі Ғани Бейсембаев және Мәдениет және спорт министрлігіне Оралов тағайындалды. Енді Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық заңға сәйкес Үкіметке алғаш рет ант беруді бастауыңызды сұраймын, — деді Әлихан Смайылов

Жаңадан тағайындалған министрлік басшыларының әрқайсысы мемлекеттік тілде оқып, ант қабылдады.

– Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның гүлденуі жолында жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, — деді министрлер.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы, Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты, Білім министрі Ғани Бейсембаевты және Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz