СҚО-дан Сенат депутаттарының сайлауына қатысатын 2 азаматтың есімі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауына дайындық қалай жүріп жатқаны жайлы аймақтық орталық коммуникациялық қызметі өткізген брифингте айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірімізден Сенат депутаттығына 5 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Олардың барлығы Конституция мен Сайлау туралы конституциялық заңның талабына сай тексерістен өтті.
Естеріңізге салсақ, желтоқсанның 24-і сағат 18:00-ден бастап Сенат депутаттығына үміткерлер сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті, ол қаңтардың 13 сағат 00:00-де аяқталады.

– 5 үміткердің екеуі тіркеуге қажетті құжаттарды толық көлемде тапсыра алмады. Осыған байланысты олар тіркеле алмады. Кейін тағы біреуі өз еркімен кандидаттығын алып тастау жөніндегі өтініші бойынша тіркеуден алынды, – деді Асқар Сақыпкереев.

Осылайша облыстан Сенат депутаттығына сайлауға қатысатын бюллетендерге 2 үміткердің аты-жөні енгізілді. Олардың әрқайсысына сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына республикалық бюджет есебінен 550 мың теңгені бөлінгенін атап өткен жөн. Таңдаушылар тізіміне барлық деңгейдегі мәслихаттардың 187 деупататы енгізілді.
Сенат депутаттарын сайлау қаңтар 14-і күні сағат 11:00-де Н.Погодин атындағы орыс драма театрында таңдаушылардың бірлескен отырысында өтеді. Дауыс беру бір күннің ішінде өтеді деп жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz