Қала тұрғынын құтқарған бойжеткен марапатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшылығы қызыл жалыннан адамды құтқарған Мария Симоноваға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бейбіт заманда ерлік көрсетіп, отқа оранған үйден адамды құтқарған Марияның әрекеті әркім үшін үлгі. Бүгін құтқарушылар қала тұрғынының қайсарылығын жоғары бағалады.

Естеріңізге салсақ, қаңтар 1-і күні Жұмысшы кентіндегі жер үй өртке оранған. Мұны көрген Мария Симонова ойланбастан ішке кіріп, түтінге оранған баспанадан 33 жастағы ер адамды алып шықты.

– Әпкем екеуміз қонақтан келе жатқан едік. Жолда қою қара түтін шығып жатқан үйді көрдік. Әпкемді үйден көмекке шақыруға жібердім. Өзім сол жанып тұрған баспанаға кіріп, есікке қарай төрт тағандап келе жатқан ер адам көзге түсті. Оны алып шықтым, – деп естелігімен бөлісті Мария.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz