СҚО криминалистері 3,5 мың зерттеу жүргізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО криминалистері бір жылда 3,5 мыңнан астам зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnew.kz тілшісі «Polisia.kz» сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылы жедел криминалистикалық полиция басқармасы мамандары оқиға орындарына 2,5 мыңға жуық рет шықты. Бұл облыста тіркелген барлық қылмыстардың 70 пайызын құрайды.

Полиция қызметкерлерінің тергеу әрекеттері шеңберінде 3611 криминалистикалық зерттеулер жүргізілді. Олардың негізгі бөлігі – қол мен саусақтардан қалған іздерді зерттеу.

kriminalistika

Бір жыл ішінде дактоесептер бойынша жүргізілген жұмыстар 140 қылмыстың ашылуына ықпал етті, олардың үштен бірі – ұрлық фактілері. Сондай-ақ фото және бейне есептер бойынша жұмыстар жүргізілді. Дәлел ретінде, күдікті адамдардың фотороботтарының жасалуы 95 қылмыстың ашылуына көмегін тигізді.

– Сондай-ақ «трасология» ұғымына біріктірілген биологиялық және иіс іздері, барлық басқа да іздер зертеледі. Криминалистерде аяқ киімдердің, көлік құралдарының, бұзу құралдарының және басқа да қылмыс түрлерінің іздері бар. 12 айдың ішінде оларды пайдалану 23 ұрлықтың, оның ішінде төрт пәтер ұрлығының, көлікті айдап әкетудің 4 фактісінің және басқа да бірқатар қылмыстардың ашылуына ықпал етті, – дейді СҚО ПД Жедел криминалистикалық басқармасының бастығы Қанат Оспанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz