М.Қозыбаев университетіне биыл 1200 грант бөлінді

Авторы: Qyzyljar News

М.Қозыбаев университеті мемлекеттен қосымша 800 грант сұрап, 2 мың түлекті тегін оқытуды көздеп отыр. Бұл негізінен, журналистика, құқықтану, дизайнер мамандығына қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Биылғы қыркүйек айынан бастап Аризона университетімен бірлескен жаңа білім беру бағдарламалары ашылды. Ауыл шаруашылығы бағытында 3 мамандық, ІТ-технология және педагогикалық биотехнология саласындағы мамандықтар пайда болды. Қазір екідипломдық, халықаралық бағдарламаларда студенттер білім алып жатыр. Ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықтарға көп көңіл бөлінуде,-дейді Қозыбаев университетінің агрономия және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Фариза Мұқанова.

Жалпы жыл сайын аталмыш университетке бөлінетін гранттардың саны артуда. Өткен жылы студенттерге жалпы 1000 грант берілсе, биылғы көрсеткіш 1200-ді құрамақ. Университет әкімшілігі тағы қосымша 800 грант сұрап, 2 мың түлекті тегін оқытуды жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда Білім министрлігіне өтініш тасталған, шешім қашан шығарылатыны әзірге белгісіз.Оқу орнында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша біршама іс қолға алынғанын да атап өткен жөн. Ішіндегі ең ауқымды әрі ерекшесі – шетелдік тәжірибе. Білім алушылар 6 ай көлемінде Германиядағы ірі экологиялық таза өнім өндірумен айналысатын компанияларда өндірістік тәжірибеден өтеді.

– 2019 жылы алғаш рет республика бойынша 40 білім алушы Польшада өндірістік тәжірибеден өтіп келді. Ол да жарты жылға созылады. Биылғы жылы бұл жұмыс жанданды. Көктемде 30 студентті жіберуді жоспарлап отырмыз,- дейді Фариза Мұқанова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz