Сенат сайлауы: СҚО-да үміткер Гүлмира Кәрімова 144 дауыс жинады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Гүлмира Кәрімоваға 144 адам дауыс берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы негізінде Гүлмира Кәрімова жеңіске жетіп отыр. Ол 1977 жылы дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 1988 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Көкшетау университетінде «Қаржы» факультетінің түлегі атанса, 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім» бойынша магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болса, №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінің директоры, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының және қалалық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Ал екінші үміткер «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша» РМҚК филиалының директоры Лаура Қайыржановаға 32 адам дауыс берген. Дауыс беруге 187 сайлаушының 179-ы қатысса, үш сайлаушы барлық кандидаттарға қарсымын бөлігін белгілеген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz