Қазақстанда «Жастарға кеңес» жобасы іске қосылды

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастарға кеңес» жобасын іске қосты. Оның аясында мобильді кеңес беру пункттері базарларда, сауда үйлерінде, ауылдар мен моноқалаларда тұрақты негізде жұмыс істейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кеңес беру жұмысына «Жастар Рухының» қызметкерлері, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, «Отбасы банк» АҚ-ның, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, медициналық сақтандыру қорының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, өңірлік білім басқармаларының және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мамандары ат салысады.«Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев жастарды толғандырған мәселелерді шешуге бағытталған жоба тұрақты түрде жұмыс істейтінін атап өтті.

– Мұндай кеңес беру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде қолға алынады. Жоба бәріне бірдей қолжетімді болуы үшін мамандар тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде де жастарға кеңес береді. Ең бастысы, бұл іс-шара аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіледі, — деді ол.

Петропавлда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері де жобаға қызығушылық танытты.

– Жастар өз ісін бастау үшін несие ресімдеу, оны дұрыс тіркеу, салықтық жеңілдіктер туралы жылдам анықтама ала алады. Яғни, тек сала маманынан алуға болатын жауаптар беріледі, -дейді студент Бекзат Латыпова.

Кеңес беру іс-шараларының кестесімен «Жастар Рухының» әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан танысуға болатынын айта кеткен жөн

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz