СҚО-да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 46 елді мекенде тұратын халықтың жағдайы түзеледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 46 елді мекенде 50 жобаға қолға алынбақшы. Бұл мақсатқа 7,4 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыста «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы 2019 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Оның аясында 2019-2021 жылдар аралығында 62 елді мекеннің әлеуметтік мәселелері шешімін тапты. Жалпы 119 жобаны жүзеге асыру мақсатында 17,2 млрд. теңге қарастырылды.
Елдімекендердің әлеуметтік мәселелерін шешуге, инженерлік инфрақұрылым желілерін жаңғырту мен дамытуға арналған бағдарлама аясында өткен жылы 5,4 млрд. теңге бөлінді. Облыстық экономика басқармасының мәліметінше, республикалық бюджеттен қарастырылған қаражатқа 44 жоба жүзеге асты.

– Жалпы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыс бойынша 13 мың адам тұрғыны бар 2 ауылда сумен жабдықтау желілерінің 20 шақырымы, 48 ауылда ауыларалық жолдардың 290 шақырымы, 52 білім беру нысаны, 19 мәдениет және спорт ғимараты, 13 денсаулық сақтау мекемесі жөнделді. 4 елдімекенде электр және жылу желілерінің 10 шақырымы салынды. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудан орталығы Новоишим ауылында орталық қазандықтың құрылысы аяқталды, – делінген СҚО экономика басқармасынан түскен ақпаратта.

Солтүстік Қазақстан облысында 635 елді мекеннің 307-сі перспективалы болып табылады, ондағы халық саны 246 мың адамды (немесе ауыл халқының жалпы санының 86%-ды) құрайтынын атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz