Жаңа жыр жинақтың тұсауы кесілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

И.Шухов атындағы қалалық кітапханада Құнанбай Жахинның жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Өлең кешіне қолына қалам ұстаған жандар, ақынның жерлестері, туған-туыстары жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әдебиет кешінде кітап авторының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, жастар өлеңдерін оқыды. Мезгілсіз дүниеден өткен Құнанбай Жахинды үзеңгілес достары ұмыт қалдырмай, 60 жылдық мерейтойына орай шығармаларын жинақтап, «Өмірді өлеңмен өлшегем…» атты кітаптың жарық көруіне қолдау білдірген.

– Мұндағы өлеңдерді қарап отырсақ Құнанбай поэзиясының негізгі өзегі – туған жерге деген махаббат екенін көреміз. Осы сезім оған қанат бітіріп, өлең әлеміне жол ашқан. Бұл жырлар жерлестерінің, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оята береді. Өкінішке қарай оның ғұмыры қысқа болып, бар дарынын көрсете алған жоқ. Сонда да бойдағы барын беріп кетуге тырысып, бір сәтке де қаламын қолынан тастамағанын байқадық, – деді кеште сөз алған жазушы, журналист Жақсыбай Самрат.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz