Қызылжар ауданының тұрғындары жоғалған жылқыны тапқан полицейлерге алғыстарын білдірді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да ауыл тұрғындары жылқыларын іздеп тапқан учаскелік инспекторларға алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен сенбі күні Қызылжар ауданының Малое Белое ауылындағы үйлердің бірінің ауласынан екі бие қашып кеткен. Иелері өз күшімен іздеп еш нәтиже шықпаған соң, келер күні жергілікті учаскелік инспектор Аман Байтеңізовтен көмек сұрады. Ол көршілес ауылдық округтегі әріптесі Қайыртай Нұрғалиев пен бірге қызметтік «Нива» көлігіне отырып, ауылдан 5 шақырым жерде орман ішінде жүрген жылқыларды тауып алды. Тәртіп сақшыларының жұмысына риза болған ауылдықтар «Instagram» әлеуметтік желісінде алғыстарын білдірді.

– Өзіміз іздеп көрдік. Алайда мұнымыздан түк шықпаған соң полиция қызметкерлеріне жүгінуге тура келді. Абырой болғанда, қамбар ата төлі табылып, шаруашылыққа шығын келтірілмеді. Көмек үшін жігіттерге рақмет. Оларға мықты денсаулық, амандық тілейміз, – деп жазды ауылдықтар.

Жалпы округ құрамына 5 ауыл кіретінін айта кеткен жөн. Оның ішінде Малое Белое елдімекені Асаново ауылынан шамамен 40 шақырым жерде орналасқан.

– Учаскелік полиция инспекторы – ауылды жерде құқықтық тәртіпті сақтауда басты тұлға болып табылады. Заңдылықтың сақталуы көбінесе тұрғындардың полиция қызметкерімен сенімді қарым-қатынасына байланысты. Осындай алғыс сөздері қызметте үлкен қолдау және жақсы мотивация, – дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz