2029 жылға дейін 1 млн. отбасы баспанамен қамтылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл 143,5 мың баспана пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Құрылыс саласында еліміздің азаматтарының тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған іс-шараларды қабылдауды жалғастырып келеміз. 2022 жылдың қорытындысында елімізде 15,4 млн. шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілді. Бұл — шамамен 130,6 мың баспана, – деді Марат Қарабаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның дерегінше, өткен жылы тұрғын үй құрылысына 2,9 трлн. теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 116,8 пайызға көп.

– Осы жылы 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үйді немесе 143,5 мың баспананы пайдалануға беру көзделген. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін 111 млн. шаршы метр тұрғын үйді беру арқылы 1 миллионнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады, – деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz