СҚО-да 24 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста соңғы бес күннің ішінде 24 жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында 20 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген «Mazda» автокөлігі тоқтатылды. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды. Аталған баптың санкциясына сәйкес оған 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

– СҚО жолдарындағы апаттылыққа жасалған талдау 2022 жылы мас жүргізушілердің кінәсінен жасалған жол-көлік оқиғаларының саны 2021 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайғанын көрсетті. Десе де, солтүстікқазақстандықтар әлі де көлік тізгініне алкогольдік ішімдіктер ішіп отыруды тыятын емес. Мұндай жағдайлардың әрқайсысы қайғылы жағдайларға апарып соғуы мүмкін. Олар айналадағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Өткен жылы облыста 845, ал жақында өткен жедел-профилактикалық іс-шара барысында 24 мас жүргізуші ұсталды, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Іс-шара өткен уақытта жол жүрісі қағидаларының жалпы 1685 түрлі бұзушылығы анықталғанын айта кеткен жөн. Ең жиі жасалған бұзушылық – қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, мұндай 178 факті анықталды. Бұдан бөлек, 117 жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланса, 112-сі жылдамдықты асырған, 31-і маневр жасау ережелерін бұзса, 21-і бағдаршамның тыйым салатын «қызыл» түсіне өтіп кеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz