2021-2025 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында кемінде 100 млн. ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Биыл 4,1 мың аумаққа көшет егу де көзделген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.
СҚО орманшыларының есебінше, өңірде 442,2 мың га аумақты орман алып жатыр. Былтырдың өзінде орман алқабы 2,4 мың га ұлғайтылды. Биыл да көшет отырғызу жалғасын табады, бірақ атқарылар жұмыс шамамен екі есеге артады.
Облыстық экология департаментінің мәліметінше, 2021 жылы – 850 га, 2022 жылы – 1700 га, 2023 жылы – 4100 га, 2024 жылы – 6350 га, 2025 жылы 7000 га көшет отырғызу қажет. 2022 жылы болжамды көлем 111% пайызға орындалды.
СҚО-да 5 жылда 100 млн. ағаш отырғызылады
251
алдыңғы жаңалық