Қазақстандық жартылай қорғаушы Ардақ Сәулет оралдық «Ақжайық» командасынан «Қызылжар» клубына ауысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Qyzyljar» футбол клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа ойыншымен команда басшылығы келісімшарт жасасты. Алдағы маусымда қорғаушы солтүстікқазақстандық ұжым сапында өнер көрсетеді.
Ардақ Сәулет – «Астана» футболының түлегі. Соңғы жылдары аяқдопшы Оралдың «Ақжайық» клубында ойнап, 31 матчта 2 нәтижелі пас берді. Жалпы қорғаушы Қазақстан премьер-лигасында барлығы 67 кездесу өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанған болатын.
Ардақ Сәулет құрамында болған «Ақжайық» өткен жылы Қазақстан чемпионатында соңғы орын алып, бірінші лигаға түсіп қалды.
Фото: «Qyzyljar» футбол клубы.