Солтүстік Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өңірдегі елді мекендерге 14 жаңа санитарлық көлік сатып алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңа сатып алынған техниканы облыс әкімі Айдарбек Сапаров бағамдап, дәрігерлермен тілдесті.
– Бұл көліктер аудандарға жіберіліп, ауыл тұрғындарына қызмет етпек. Осының арқасында облыстағы техниканың тозуы 73 пайыздан 63 пайызға дейін төмендейді. Биыл тағы 10 көлік сатып алу жоспарланып отыр. Барлығы денсаулық сақтау жүйесі бойынша 45 көлікті ауыстыру қажет. Бұл мәселені шешу үшін көлік паркін жаңартуды жалғастырамыз, – деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.