Қазақстанда алғаш рет шахматтан әлем чемпионын анықтайтын матч өткізіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылдың 7 сәуірі мен 1 мамыр аралығында Астанада әлемдік шахмат тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағы үшін тартысты матч өткізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий (Ресей) мен қытайлық Дин Лижен өзара бақ сынайды.

FIDE баспасөз қызметінің мәліметінше, матчтың жүлде қоры 2 млн. еуроны құрайды, оның 60%-ы жеңімпазға, ал 40%-ы үміткерге беріледі. Осылайша, Астанада шахматтан 17-ші әлем чемпионының есімі анықталатын болады.

2022 жылдың 31 қазанында қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен әлемдегі үшінші шахматшы Ян Непомнящиймен өткізген матчта өзінің классикалық шахмат титулын қорғаудан бас тартқанын ресми түрде растады.

Үміткерлер турнирінде ІІ-ші орынға ие болған қытайлық гроссмейстер Дин Лижен шахмат тәжіне таласу құқығына ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz