Биыл СҚО-да 150 км-ге жуық жол учаскесі жөндеуден өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесі мамандары 1505 км болатын жолдың сапасын тексерді. Диагностиканың нәтижесі бойынша биыл жазда жалпы ұзындығы 150 км-ге жуық жол учаскелері орта және күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы мамандар республикалық маңызы бар 1505 км жолды диагностикадан өткізді. Оның 152 км бойынша кепілдік мерзімі аяқталмаған.

– Біздің жұмыс бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жолдарды жөндеу жоспарын қалыптастырады. Биыл СҚО-да «Мамлютка-Қостанай» А-21 автожолының 0-4, 18-31, 35-46 км; «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» Р-58 автожолының 199-228,2 км; «Екатеринбург-Алматы» М-51 621-633 км; «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» Р-60 автожолының 0-18 км; «Кокшетау-Рузаевка» Р-11 автожолының 61-92 км орташа жөндеуден өтеді. Ал А-13 «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ (Омбы)» автожолының 182-213 шақырымында күрделі жөндеу жүргізіледі деп жоспарланған, – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК СҚОФ директоры Жолдыбай Тентеков.

Биыл облыс жолдарының диагностикасы сәуір айында басталып, қазан айының соңына дейін жалғаспақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz