Мәжіліс сайлауы: бүгін кандидаттарды ұсыну басталды

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады. Мәжіліс 98 депутаттан тұрып, 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады.
— Мәжіліс депутаттығына мынадай талаптар қойылады:
— Қазақстан азаматы болуы;
— соңғы он жылда Қазақстан аумағында тұруы;
— кем дегенде 25 жаста. Мына адамдар депутат бола алмайды:
— сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған;
— сотталғандығы өтелмеген немесе алынып тасталмаған;

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz