Саяжайда мылтық ұстаған азамат ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері саяжайда мылтық ұстап келе жатқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері саяжай қауымдастығының аумағын аралау кезінде екі ер адамды байқап қалған. Күдікті әрекеттермен көзге түскен жігіттер полицейлерді көре сала қалың қарға белгісіз затты тастап, бой тасалаған. Тәртіп сақшылары қалың қардан бір ұңғылы «ИЖ-К» аңшы мылтығы мен 16-калибрлі 5 патрон салынған қара пакет тауып алды. Кейін полицейлер анықтағандай, 30 жастағы қала тұрғыны мылтықты бұталардың арасынан тауып алған екен.

Қаруды заңсыз қолдану үшін заңмен көзделген жауапкершіліктен құтылудың жалғыз мүмкіндігі — тіркелмеген қару-жарақты өз еркімен тапсыру. Қару сияқты басқа да қауіпті заттарды анықтаған жағдайда, олардың табылғаны туралы дереу полицияға хабарлау қажет, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Өткен жылы заңсыз айналымнан 128 бірлік тіркелмеген қару тәркіленді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz