23 қаңтарда Қазақстанның 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

23 қаңтарда жаяу бұрқасынға, желге, тұманға байланысты Қазақстанның 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында күндіз жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz