СҚО — да қылмыстық қудалау органдарында үздіксіз бейнебақылау енгізілді

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының барлық қылмыстық қудалау органдарында кезекші прокурордың мониторына қосылған үздіксіз бейнебақылау камералары орнатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы белгіленген бейнебақылау азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар кешеніне кіреді. Тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануды анықтау үшін прокурорлар күдіктілерді ұстағаннан кейін дереу жауап алуды тәжірибеге енгізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде азаптауға қатысты шағымдар 21-ден 5-ке дейін қысқарғанын айта кеткен жөн.

— Қылмыстық процесте тергеуді прокурорлық қадағалау сапасын арттыруға баса назар аударылды. Жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, алаяқтыққа, мал ұрлығына, көшедегі қылмысқа және кәмелетке толмағандарды қорғауға ерекше назар аударылды. Аталған мәселелер үйлестіру кеңесіндегі басты талқылау тақырыптарының бірі болды, — делінген облыстық прокуратура жариялаған ақпаратта.

Халықтың сенімін арттыру үшін прокурорлар өткен жылы онлайн және офлайн режімде «Заң керуені — Мәңгілік ел» акциясын өткізіп, 500-ге жуық сұраққа жауап берді. Оның ішінде қылмыстық, азаматтық істер, тұрғын үй, еңбек, жер, зейнетақы, кеден заңнамасы, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз құрылыс, жарықтандыру, жылумен жабдықтау, жолдарды жөндеу сапасы, сумен жабдықтау бойынша мәселелер айтылды. Сондай-ақ Петропавлдың жекелеген шағын аудандарын бұзу және т.б. мәселелер бойынша түсініктеме берілді.

— Ұзақ қарауды қажет ететін мәселелер ерекше бақылауға алынып, акция қорытындысы туралы облыс әкіміне хабарланды. Нәтижесінде бюджет қаражатын бөлу бөлігінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасына түзету енгізілді, — деп қосты облыстық прокуратурада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz