Эльмира Францияда топ жарды

Авторы: Qyzyljar News

Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен 1924 жылы Париж Олимпиадасының жеңімпазы атанған атақты балуан Анри Дегланды еске алуға арналған Гран-при турнирі аяқталды. Аталған жарыста солтүстікқазақстандық Эльмира Сыздықова табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көп жылғы үзілістен соң боз кілемге қайта оралған Эльмира өзінің алғашқы додасында ел қоржынына алтын жүлде салды. Алғашқы белдесуінде неміс қызы Лаура Селиннен басым түскен жерлесіміз, одан кейін АҚШ өкілі Алексис Кеннедиді қапы қалдырды. Жартылай финалда канадалық Тейлор Фолленсиді жеңді. Финалда тағы бір Канада елінің өкілі Жюстина Стасионы ұтты.

Кезінде жерлесіміз Азия чемпионатында алты (1 алтын+2 күміс+3 қола) жүлдені олжалап, Азия ойындарында қола медальді қоржынға салғанын айта кеткен жөн. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында алауы тұтанған Олимпия ойындарында үшінші орынға табан тіреді. Одан бөлек, Сыздықованың басқа аса ірі халықаралық додаларда жеңіп алған жүлделері жетерлік. Бірақ ауыр жарақат алуына байланысты былтыр ол бірде-бір жарысқа қатыспады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz