20 жыл бойы судың ақшасын төлемеген отбасы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдық отбасының пайдаланған су үшін қарызы 800 мың теңгеге жеткен. Сумен қамтитын компания соттың шешімімен борышкерлерге қатаң шара қолдана бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қызылжар cу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғындары сумен қамтушы компанияға 30 млн. теңгеге жуық сома қарыз. Бір отбасының берешегі 800 мың теңгеге жеткен. Осылайша олар шамамен 20 жылдай пайдаланған су үшін коммуналдық ақы төлемеген.

– Айына орташа 3,5 мың теңге шығады. Қаншама ескерткенімізбен қарыздан құтылуға тырыспады. Енді ол пәтерге кәріздік бітеуіш қойылады. Жалпы мұндай қатаң шара қолданбас бұрын 30 күн бұрын ескертіп, тұтынушыға хабарлама жібереміз. Егер осы аралықта қарызды төлемесе, соттың шешімімен кәріздік құбырға бітеуіш салынады. Әдетте мұндай шараны берешегі 15 мың теңгеден асып кеткенде қолданамыз. Төлеген жағдайда бітеуішті ақша төлеп алғызады, — дейді кәсіпорынның тұтынушылармен жұмыс бойынша бөлім басшысы Нұргүл Самалықова.

Мамандардың айтуынша, бітеуіш қойғаннан кейін ғана тұрғындар қарыздан құтылуға тырысады.

Ал жалпы Петропавлда қазір 500-ден астам абонент қасақана төлемеуші ретінде сумен қамтитын компанияның есебінде тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz