Бас әскери және Бас көлік прокурорларын тағайындау тәртібі өзгермек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бас әскери және Бас көлік прокурорлары енді жаңа тәртіппен тағайындалуы мүмкін. Бас прокуратура «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығына осындай өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– «Прокуратура туралы» Конституциялық заңмен прокуратура органдары жүйесінде әскери және көлік прокуратуралары өңірлік прокуратура санатынан шығарылып, оларға дербес мәртебе белгіленді. Осыған байланысты ҚР Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесін Бас әскери және Бас көлік прокурорларының лауазымдарымен толықтыру қажет, — деп жазылған құжатта.

Жаңа өзгеріске сай, енді әскери және көлік прокурорлары Бас прокурордың өкімімен, Президенттің Жарлығымен және арнайы комиссияның шешімімен тағайындалады.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде Жарлық жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейтіні көрсетілген.
Құжатты ашық талқылау 3 ақпанға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz