Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Qulager» клубы сырт алаңда көкшетаулық «Arlan» командасына қарсы екі ойын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші кездесуде мұз айдынының иелері солтүстікқазақстандық ұжымды 4:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында көкшетаулықтар сапында Артем Лихотников, Власдислав Дюкарев, Даниил Жарков пен Дмитрий-Джуниор Юшкевич көзге түссе, жерлестерімізден Евгений Гасниковтың шайбасы ғана қақпадан табылды.
Қарымта ойында құлагерліктер есе қайтаруға тырысып, бақтары жанды. Кездесудегі есепті бірінші болып, арландық ойыншы ашты. Кейін солтүстікқазақстандық хоккейшілер алдарына жан салмай, 3:1 есебімен жеңіске жетті.