Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, кең ауқымды солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
– Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.