СҚО әкімі тұрғындарды қабылдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл өткен сайын облыстың Айыртау ауданындағы елді мекендердің жағдайы түзеліп, туристік аймақ күннен-күнге көркейіп келеді. Десе де онда тұратын ағайынның таза ауыз суға қатысты шағымдары жоқ емес, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың жеке қабылдауына келген Айыртау ауданындағы Шалқар ауылының тұрғыны өз бұйымтайын айтты. Ермек Жарахметовтың айтуынша, елді мекенге әлі күнге дейін тіршілік нәрі жетпеген. Өкінішке қарай, жергілікті азаматтар суды көрші ауылдан жеткізумен әлек. Мәселені назарға алған өңір басшысы бұл сұрақ биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында шешілетінін алға тартты.

– Биыл ауылға су тарту мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында мәселе шешіледі. Бұл мақсатқа 598,7 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта тиісті конкурс өткізуге құжаттар тапсырылды. Мердігер анықталған соң келісімшарт жасасып, уақытты созбауымызз керек. Қар ерісімен су тарату желісінің құрылысы басталады, – деді Айдарбек Сапаров.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына келгендердің арасында Қызылжар ауданындағы Рассвет ауылының тұрғыны Виктория Гвоздева бар. Ол елді мекеннің кіреберісіндегі жолдың жағдайын айтты. СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, Рассвет ауылына кіреберіс жол салу жөніндегі жобалық-сметалық құжат дайын. Жақында жаңа шарттармен байқау өткізіледі. Істі толығымен күз айында аяқталады. Жолдың ұзындығы 1,5 шақырым болады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz