Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері кинология қызметі орталығының жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылдың тамыз айының басында «Гретта» лақап атты қызметтік иттің көмегімен полицейлер салмағы 49 килограммнан асатын марихуананы тауып алып, қылмыс ашты.СҚО ПД кинология қызметі орталығының бастығы Самат Төлебаевтің айтуынша, «төртаяқты» көмекшілер өткен жылдың 12 айында 523 рет қолданылып, 674 қылмысты ашуға көмектескен. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз сақталған есірткілік және психотроптық заттарды іздеуге 18 рет тартылып, 17 есірткі қылмысына тосқауыл қойылды.
Бүгінде солтүстікқазақстандық полицияда 52 қызметтік бар. Кинологиялық қызмет орталығының базасында – 18, Петропавл қалалық полиция басқармасында – 5, ал қалғандары аудандық полиция бөлімдерінде қылмыстарды ашуға септесіп жүр.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі