Сенатқа жаңадан келген депутаттар кімдер

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылы 24 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш Жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттігін тоқтату және сенаторларды жаңадан тағайындау туралы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Президенттің алғашқы Жарлығымен Мәулен Әшімбаев пен ҚР Парламенті Сенатының 12 депутатының өкілеттігі тоқтатылды. Келесі Жарлық ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы Жақып Асановтың Сенаттың жаңа депутаты ретінде тағайындалуына қатысты. Үшінші Жарлық бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты, Нұртөре Жүсіпті, Ләззат Қалтаеваны, Асқар Шәкіровті Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары етіп қайта тағайындады.

Осылайша, ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы құрамынан тоғыз депутат шығып қалды:

— Владимир Волков;

— Бақытжан Жұмағұлов;

— Қайрат Қожамжаров;

— Мұхтар Құл-Мұхаммед;

— Талғат Мұсабаев;

— Дана Нұржігіт;

— Қанатбек Сафинов;

— Ләззат Сүлеймен;

— Серікбай Тұрымов.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінен Сенат депутатын тағайындады. Олар:

— Евгений Больгерт;

— Зәкіржан Күзиев;

— Нұрия Ниязова;

— Әлішер Сатыбалдиев;

— Геннадий Шиповский.

Осылайша, ҚХА атынан бес депутат жаңадан тағайындалды және жаңа сенатор Жақып Асанов та бар.

2022 жылғы маусымда республикалық референдум аясында Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілді. Жаңа өзгеріске сәйкес, Президент Сенаттың 10 депутатын тағайындай алады, оның бесеуі — Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz