Жас өнертапқыштардың жеңісі

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары робототехника бойынша «NURORDA first Championship» жарысына қатысып, «Engineering skills» атылымында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарысқа петропавлдық Назарбаев зияткерлік мектебінің «ArtaRobotics» командасы сапында сегіз оқушы қатысты. 8-10 сыныптарда білім алып жүрген жас өнертапқыштар өңір тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету бағытындағы жобаны ұсынды.

— Біз өз жобамызды «Облысымыздағы электр энергиясының тапшылығын шешу» деп атадық. Бұл тақырып қазір жергілікті ЖЭО-дағы проблемаларға байланысты өзекті. Мәселені шешу үшін роботты жасап шығардық. Ол құмды батареялардың арқасында жел энергиясын жылу энергиясына айналдыра алады. Осылайша тұрғындар жылумен қамтамасыз етіледі, – дейді «ArtaRobotics» командасының жетекшісі Таймас Едрисов.

«First LEGO League Challenge» жарысын елордалық «NURORDA мектебі» ұйымдастырған болатын. Робототехника бойынша халықаралық чемпионат оқушылардың зияткерлік-шығармашылық және инженерлік-техникалық әлеуетін ашуға бағытталды. Қазақстан Республикасы аумағында «FIRST» бағдарламасы 2017 жылы бастау алған болатын. Ол «FIRST LEGO League» (4 жастан 16 жасқа дейін), FIRST Tech Challenge (12 жастан 18 жасқа дейін), «FIRST Robotics Competition» (14 жастан 18 жасқа дейін) кезеңдерін қамтиды.

Роботтарды жобалау және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды біріктіретін чемпионатта біздің оқушыларымызға Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының мықты командалары мен елордалық конструкторлар қарсылас атанды.

Фото: Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz