Өңір басшысы Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесу өткізді. Шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– СҚО әкімдігі мен Саха Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастық орнату мақсатында меморандумға қол қойдық. Біз сауда, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спорт салаларында өзара іс-қимыл жасауға ниеттіміз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық қызметті дамыту, инновацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық болмақ, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.