Қос диплом бағдарламасына педагогикалық мамандықтар енеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

АҚШ-тың Аризона университетінің өкілдері Солтүстік Қазақстан оқушыларымен кездесті, — деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі М.Қозыбаев атындағы СКУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы «Kozybayev University» қос дипломды бағдарламаны іске қосты. Оның жүзеге асу барысымен танысу үшін Аризона университетінің өкілдері арнайы Петропавлға келді. Солтүстікқазақстандық жоғары оқу орнының сенімді серіктесі бұл тың жобаға педагогикалық мамандықтарды қосуды да жоспарлап отыр. Американдық  оқытушылар қазақстандық білім беру жүйесімен етене танысу мақсатында қаланың үш мектебіне барды.

– Біздің сапарымыздың мақсаты – Қазақстандағы білім беру жүйесімен жақынырақ бтанысу. Жоғары оқу орындарында оқыту қалай жүргізіледі, мұғалімдерді даярлау қалай өтеді және олар мектептерде қалай жұмыс істейді. Бұл университетпен ынтымақтастық аясында білім беру бағдарламаларын жақсартуға көмектеседі деген сенімдемін, — деді Аризона университеті жанындағы білім колледжінің деканы Роберт Берри.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz