Есірткіні жарнамалағандар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есірткі саудасымен айналысатындар ғаламторды пайдаланудан сескенбейді. Өткен жылы полицейлер заңсыз әрекетке барған сайттар жайлы ақпарат жинақтап, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігіне жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

СҚО ПД есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, синтетикалық және психотропты заттарды жарнамалаған 193 сайт анықталды. Оларды жабу мақсатында сілтемелері ҚР Цифрлық даму министрлігіне жолданды.

– Өңірде есірткі заттарын таралуына тосқауыл қою мақсатында «Рефлекс», «Паутина», «Дәрмек», «Транзит» және «Қарасора» жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ әлеуметтік желілер назарға алынып, күн сайын мониторинг жүргізіледі. 2020 жылдың қаңтарынан бастап, есірткіні заңсыз жарнамалау және насихаттау тұрғысында заңға өзгерістер енгізілгені белгілі. Бұрын заңсыз әрекетке барғандар үшін әкімшілік кодексте көрсетілгендей айыппұл қарастырылды. Енді  азаматтар қылмыстық жазаға тартылып, 3-6 жылдан бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жангелді Әпенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz